Алматы ауруханасында науқастар ВИЧ жұқтырды
Алматы ауруханасының науқастары ВИЧ індетін жұқтырды. Бұл туралы алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.
«Алматы ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АҚТҚ-жұқтырған үш жағдайды анықтады. Анықталған фактілер бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бұйрығымен 2 маусымда арнайы комиссия құрылды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары мен Алматы ЖИТС орталығының қызметкерлерінен құралған комиссия ВИЧ инфекциясының таралу көздерін анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізіп, донорлар, медицина қызметкерлері мен байланыста болған адамдар тексерілді» делінген хабарламада.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тексерілгендердің барлығында талдаудың теріс нәтижесі бар екені расталды.
Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығы негізінде 13 маусымда комиссияның қорытындысы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілді. 2023 жылдың 14 маусымында Денсаулық сақтау министрлігі тері және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы мамандарын тарта отырып, Орталық клиникалық аурухананы жоспардан тыс тексеруді бастады.
Тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайды.
2020 жылы бұл аурухана да жанжалдың ортасында болды. Ол кезде аурухана қызметкерлері коронавирус жұқтырған. Одан кейін аурухананың 147 қызметкерінен ауру белгілері табылып, расталды. Осыған байланысты Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Алмаз Джувашев қызметінен босатылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық