Алматы әуежайының жаңа терминалы жолаушыларды қабылдамай жатыр ма?
Танымал қазақстандық PR сарапшысы Әсел Қарауылова Алматы халықаралық әуежайының жақында ғана ашылған жаңа терминалы әлі жұмыс істемейтінін айтты.
«Qatar Airways біздің рейсіміз жаңа терминалдан болатыны туралы электрондық хат жіберді. Біз әуежайға асыға бардық, бірақ шындық басқа - үлкен кезек, кептеліс және басқа да әдеттегі қолайсыздықтары бар сол ескі терминал. Әдеттегідей әлі іске қосылмаған жаңа терминалдың салтанатты ашылуын өткізіп тастадық» деп жазды Қарауылова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол жаңа терминалды іске қосу техникалық ақауларға байланысты болуы мүмкін екендігін айтты.
«Шамасы, тағы да «техникалық» нәрсе. Сондықтан уақытыңызды жоспарлап, ерте келіңіз, адам көп», - деп қосты сарапшы.
Алматы әуежайының баспасөз қызметі сауалымызға жаңа терминал 1 маусымнан жұмыс істей бастағанын айтты. Ведомство жаңа терминалдың жұмысына қатысты жағдайға да түсініктеме берді.
«Әуе компаниялары жолаушыларға рейстер мен хабарламалар туралы ақпарат жібереді. Осы оқиғаға қатысты түсініктеме алу үшін тікелей әуе компаниясына хабарласыңыз. Сондай-ақ, барлық халықаралық рейстерді қолданыстағы терминалдан жаңасына кезең-кезеңімен көшіру жоспарланып отырғанын хабарлаймыз. Жаңа терминалға халықаралық рейстерді толығымен ауыстыру маусым айының бірінші онкүндігінде жүзеге асырылады. Осыдан кейін ескі терминал ішкі рейстерге пайдаланылады» деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Еске салсақ, жаңа әуежай терминалы 1 маусымда алғашқы рейстерін орындады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық