Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамға қатысты қосымша тергеу аяқталды
Коллаж: Orda.kz
Биыл 7 наурыз күні әуежайда пышақ ұстап, қызметкер қызды кепілге алған адамның бейнежазбасы жұрттың жағасын ұстатқан болатын. Осы Алматы халықаралық әуежайында болған іске қатысты жүргізілген қосымша тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, прокуратураға қайтарылғаннан кейін іс бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, нәтижесінде Машрабек Баратовқа тағылған айыптың құқықтық сараптамасы өзгеріссіз қалды.
Қазіргі таңда қылмыстық іс бақылаушы прокурордың қарауында тұр. Алдағы уақытта іс сотқа жолданатын болады.
Сонымен қатар, оқиға кезінде өз еркімен кепілге алынған әйелдің орнына ауысуды ұсынған Мұса Әбдірайымов жәбірленуші ретінде танылды.
Еске сала кетейік, Баратовқа үш бап бойынша айып тағылды:
- кепілге адам алу;
- қару қолдану арқылы бұзақылық жасау;
- терроризм актісі жайлы жалған ақпарат тарату.
Қылмыстық іс бойынша сот отырысы биыл сәуір айында басталды. Бірақ, құқықтық бұзушылықтарға байланысты іс прокурорға кері қайтарылған еді.
Айта кетейік, 7 наурыз Алматы әуежайында қарулы адам сонда істейтін қызметкерді кепілге алған еді. Артынша оқиға орнында болған Мұса Әбдірайымов қызметкер қыздың орнына өзін кепілге алуды сұрап, оның қаруын тартып алған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық