Алматы қаласының құрметті азаматтары марапатталды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала күні мерекесіне орай қаланың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады.
Алматы күні мерекесіне орай «Қаланың құрметті азаматы» атағы мен «Еңбегі үшін» төсбелгісін тапсыру рәсімі өтті.
Бұл туралы Orda.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлады.
«Қаланың құрметті азаматы» атағын алғандар ішінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов та бар. Аталған марапатқа қоғам және мемлекет қайраткері Темірхан Досмұхамбетов, белгілі музыкатанушы, ҚР композиторлар одағы және Қазақстан музыка қайраткерлері одағының мүшесі Юрий Аравин, Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетшісі, Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі Тоқтар Ералиев, «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының төрағасы Ләззат Қалтаева лайық деп танылды.
Алматы әкімі марапат иелеріне қала тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.
— Сіздер бәрімізге үлгісіздер әрі жоғары марапат пен құрметке лайықсыздар. Қала тұрғындары мен өз атымнан жанқиярлық еңбек үшін ризашылығымды білдіремін, - деді Сағынтаев.
Салтанатты тапсыру кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мерекеде қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан тұрғындардың сіңірген еңбегі назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Әкімнің айтуынша, белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, ғылым мен білім, медицина мен мәдениет, кино мен әдебиет саласы қызметкерлері елге қызмет етіп, мегаполистің дамуына белсенді атсалысуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық