Алматы қаласы ҰҚК департаментінің бұрынғы басшысы тергеліп жатыр - Бас прокуратура
Фото: gov.kz
Бас прокуратура ҰҚК-нің тағы екі қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ақпаратты Бас прокуратура растады.
«Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Н.Мәжілов пен Р.Ысқақовқа қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаймыз» деді Бас прокуратура.
Сондай-ақ, Бас прокуратура «тергеу мүддесіне сай басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды» деп қосты.
Айта кетсек, Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Нұрлан Мәжілов Алматы қаласы ҰҚК департаментінің бастығы болып жұмыс істеген. Қалада дүрбелең болған кезде ол ҰҚК басшысы болған. 2022 жылдың 13 қаңтарында оның орнына Марат Ирменов келді.
Руслан Ысқақов – ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, 5-ші бөлім құқық қорғау органдарына қарсы барлаумен қамтамасыз етумен айналысады.
Руслан Ысқақов пен Нұрлан Мәжіловтың ұсталғаны туралы ақпарат алғаш рет телеграм-каналдардың бірінде пайда болды.
Бұған дейін Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров ҰҚК Алматы, Алматы және Қызылорда облыстары бойынша департаменттерінің шенеуніктерін тәртіпсіздіктер кезінде әрекетсіздік танытты деп айыптаған болатын.
Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 6 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерден кейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметінен босатылған болатын. Оның ұсталғаны туралы 8 қаңтарда белгілі болды. Сондай-ақ оның екі орынбасары – Әнуар Садықұлов («А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы) мен Дәулет Ерғожин де ұсталған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық