Алматы қалалық сотының судьясы сот отырысынан кейін қайтыс болды
Фото: Facebook / Абай Жарылқасын
Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов қайтыс болды. Бұл туралы оның әріптесі Елдос Жұмақсанов Facebook парақшасында жазды.
Оның айтуынша, судья кешкі уақытта процестен шығып, талып қалған. Өкінішке қарай, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
«Иманды болсын. Менің сезімімді сипаттауға сөз жоқ. Ол небәрі 50 жаста еді» деп жазды Жұмақсанов.
Сондай-ақ, Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі 7 маусымда қамауға алынған белсенді Қосай Маханбайдың сотынан кейін судья Кәрібжанов қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Судья Кәрібжанов азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы болған және әкімшілік істер мен материалдарды қарауға еш қатысы болмаған. Судья сол күні тек азаматтық істерді қарады. Эпилепсия ұстамасы туралы жарияланған ақпарат та жалған. БАҚ өкілдерінен тексерілмеген ақпаратты жарияламауды сұраймыз!» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық