Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Cурет: ашық дереккөзден
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы лауазымы конкурсында кімнің жеңіске жеткені белгілі болды.
Бұдан былай Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментін Иран Шәметеков басқарады. Мұндай шешімді конкурстық комиссия осы лауазымға үш үміткермен жүргізген сұхбатының қорытындысы бойынша қабылдады.
«Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы бос лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша үш үміткердің ішінен Иран Маратұлы Шаметеков жеңімпаз деп танылды. Тиісті ақпарат сайтта жарияланған. Тағайындау туралы шешімді Алматы қаласының әкімі заңда белгіленген мерзімде қабылдайды» деп түсіндірді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Иран Маратұлы Шәметеков 2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын жалпы медицина мамандығы бойынша бітірген.
2000-2001 жылдары Батыс Қазақстан медицина академиясында «хирургия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті.
2006 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетте құқықтану мамандығы бойынша, құқықтану бакалавры академиялық дәрежесіне ие болды. Қоғамдық денсаулық сақтау ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 2001 жылы Байқоңыр қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінде хирург болып бастады. Осы жылдар ішінде Денсаулық сақтау министрлігінің әртүрлі бөлімдерінде елордалық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының бастығы, директор, кейін ҚазММУ-де проректор қызметтерін атқарды.
2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының директоры.
Еске салсақ, Нариман Табынбаев 20 маусымда Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен босатылған болатын. Оның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетуі орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметіне ауысуымен байланыстырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық