Алматы әкімдігінің қызметкері бойжеткенді қорлады
Фото: Ашық дереккөзден
Әлеуметтік желіге Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасы бас маманының бойжеткенге дөрекі сөздер айтып, ұрып-соққаны туралы бейнеролик тарады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Әкімдік оның Жастар саясаты басқармасында жұмыс істейтінін мойындады.
«Ділмұрат Омаров 2022 жылдың қараша айынан бастап Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының бас маманы болып жұмыс істейді. Осы оқиғадан кейін ол 19 ақпаннан бастап өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 61-бабы 1-тармағымен Ділмұрат Омаров қызметінен босатылды», - деп жауап берді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бас маманның мәселесін қазір полиция қарап жатыр.
«Медеу ауданының полиция басқармасы дене жарақатын алу фактісі бойынша сот-медициналық сараптамасын жасап жатыр. Ер адам ұсталды» деп мәлімдеді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, іс сотқа жіберіледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық