Алматы әкімдігінде сейсмикалық қауіпсіздік басқармасы құрылды
Алматы әкімдігінде сейсмикалық аудит және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мәселелерімен айналысатын басқармалар құрылды.
Алматы қаласы мәслихаты 21 ақпанда өткен кезектен тыс XIV сессиясында қала әкімдігі құрылымында екі жаңа басқарма құруды мақұлдады. Оның бірі сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы мәселелерімен айналысса, екіншісі қоғамдық кеңістіктерді дамытумен айналысады.
«Бірінші бөлімнің негізгі міндеті – сейсмикалық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету, жер сілкінісі қаупін басқару, табиғи апаттар кезіндегі өзін-өзі ұстаудың қарапайым дағдыларына халықты оқытуды ұйымдастыру, төтенше жағдайлар департаменттерін, полицияны, қалалық қызметтерді және ұйымдарды сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша үйлестіру» деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шаханов басқарманың сейсмикалық аудитті сапалы жүргізетінін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупін бақылаудың бірыңғай жүйесін құруды, азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ табиғат қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелерін шешетінін атап өтті.
2024 жылдың соңына дейін аяқталатын кезекті аудиттің қорытындысы бойынша билік Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қолға алуды жоспарлап отыр.
Қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі екінші бөлім басқармалар мен аудан әкімдіктерінің жұмысын үйлестіретін болады. Ол қоғамдық кеңістіктерді дамытуда, оларды жаңғырту, салу және абаттандыру тұжырымдамаларын әзірлеуде бірыңғай тәсілдердің сақталуын қадағалайтын болады.
Әкімдік жаңа басқармаларды құру штат санын көбейтуді немесе қосымша бюджеттік қаржыландыруды қажет етпейтінін, өйткені олар басқа басқармалар мен аппараттарды оңтайландыру арқылы құрылатынын баса айтты.
Қаңтар айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының сейсмикалық қауіпсіздік жүйесі мегаполисте болған жер сілкінісіне дайын емес екенін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық