Алматы әкімі 32-ші автобусты 30 минут күтті
Сурет ашық дереккөзден
Алматы басшысы Ерболат Досаев қоғамдық көлікпен жүріп, автобус жетіспеушілігі мәселесін өз көзімен көрді.
Бұл туралы шенеунік қаладағы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
— Жақында мен қоғамдық көлікті пайдалануды шештім, халықпен бірге төменнен жоғары қарай жүріп көрдім. 32-ші автобусты 30 минут күттім, себебі сол күні төрт автобус өз бағытына шықпады. Бұл миллионнан астам қала үшін проблема. Сондықтан жақын арада 300 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып аламыз. Біз қаладағы қозғалысты реттейміз деп уәде беремін, - деді Досаев.
Сонымен қатар, қала басшысы бүгінде Алмалы ауданында 58,5 шақырым электр желісі ауыстырылып, ауданның биылғы жылға жоспарланған 10 тарату және 50 трансформаторлық қосалқы стансаларының барлығы жаңартылғанын айтты.
— Бұл ауданның электр желілерінің орташа тозуы 70-тен 61 пайызға дейін төмендеп кеткен. 2023 жылы тағы 97,5 шақырым желіні жаңарту және ауданның үш таратушы және 145 трансформаторлық қосалқы стансасын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасады, - деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар кездесуде Тұрғыт Озал көшесінің бойындағы Абай даңғылынан Есенжанов көшесіне дейінгі су құбыры қайта жаңғыртылып, Кәрімов көшесінің бойындағы учаскедегі жұмыс 15 қарашаға дейін аяқталатыны атап өтілді.
«Жайлы» тұрғын үй кешенінің иесіз кәріз желілері мен «Панорама» тұрғын үй кешенінің кәріздік сорғы стансасы басқаруға алынды. Досмұхамедов көшесінің бойымен Абай даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейін және Бөгенбай батыр-Радостовец көшелері аумағында жылу жүйелері жаңартылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық