Алматы әкімдігі «Алма сити» тұрғын үй кешенінде жылудың жоқтығы туралы: ресми түрде үй пайдалануға берілген жоқ
Бұған дейін тұрғындары жылу мен басқа да инженерлік желілердің жоқтығына шағымданған «Алма сити» тұрғын үй кешені ресми түрде пайдалануға берілген жоқ, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
«Бүгінде «Алма сити» Е5 тұрғын үй кешені пайдалануға берілген жоқ және ол әлі қаланың балансына өткен жоқ. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтердің қолы қойылған нысанның пайдалануға дайындығы туралы декларация жоқ. Пайдалануға берілмеген үйге тұрғындарды орналастыру жауапкершілігін құрылыс салушы «QazaqStroy» ЖШС компаниясы көтереді. Өз кезегінде QazaqStroy мәселені шешіп, үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне тезірек қосу үшін қажетті шараларды қабылдауда» делінген жексенбі күні таратқан хабарламада.
Құрылыс салушы өз міндеттемелерін орындау үшін кепілдік хат бергені атап өтілген.
«Бұл ретте «Алматы жылу желілері» ЖШС қызметкерлері барлық техникалық құжаттаманы ұсынғаннан кейін тұрғын үйлерді тұрақты жылумен қамту мүмкіндігін бағалау үшін қайта сараптама жүргізіледі» деп қосты қала әкімдігі.
29 қазанда «Алма сити» тұрғын үй кешенінің тұрғындары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарласып, жылусыз, ыстық сусыз, байланыссыз және интернетсіз өмір сүріп жатқандарын хабарлады.
Бұған дейін де осы тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауыз судың жоқтығына шағымданған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық