Алматыға Құрбандыққа шалынатын мал кіргізілмейді
Алматыда Құрбан айтқа арналған мал әкелуді шектейтін бақылау бекеттері орнатылады.
16-22 шілде аралығында Алматыға кіре берісте қалаға мал әкелуді шектейтін бекеттер қойылатын болды. Бұл туралы Orda.kz. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Интернет арқылы құрбандық шалуға арналған жануарларды қоспағанда, қалаға құрбандық малын әкелуге жол берілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 19-22 шілде аралығында малды, оның ішінде тірі жануарларды сату үшін сою орындары мен мал базарларының жұмысына тыйым салынады. Сондай-ақ малды союға, оны автокөліктерде және жеке үй шаруашылықтарында сатуға тыйым салынады. Тек Алматы орталық мешіті анықтаған құрбандықты ғаламтор арқылы орындайтындарға ғана рұқсат.
Қаладағы күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаладағы Құрбан айт мерекесін өткізуге арналған барлық іс-шаралар онлайн режимінде өтеді.
Құрбандық шалу рәсімі qurban2021.kz. веб-сайтына жіберілген өтініштер арқылы, онлайн режимде ұйымдастырылады. Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлебидің айтуынша, құрбандық шалуға өтініштер 15-22 шілде аралығында, сағат 14.00-ге дейін қабылданады.
Құрбандыққа шалынған малдың етін мұқтаждарға тарататын адамдар қорғаныш киімдерінде болуы тиіс. Тез бұзылатын өнімді, атап айтқанда, құрбандыққа шалынатын малдың етін тасымалдау және сақтау кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің талаптарын қатаң сақтау міндетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық