Алматыға 81 млн теңгелік туристік терминалдар орнатылады
Алматыда туристер үшін құны 81 миллион теңгелік ақпараттық терминалдар орнатылады. Жаңа технологиялардың көмегіне сүйеніп, смартфондар арқылы ақпарат іздеп үйренген шетелдіктерге терминал қаншалықты қажет?
Алматы қаласы туризм саласын дамытуда жаңа жобалар жыл сайын қолға алынады. Оның бірі шет елден келген меймандарға арналған ақпараттық терминал. Аталған қаражатқа небары 10 электронды терминал алынып, туристер көп жүретін жерлерге қойылады деген жоспар бар.
Қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков терминалдардың тиімділігне сенімді. Оның айтуынша бұл шешім келген туристермен жүргізілген сауалнамалар негізінде қабылданған.
«Сол себептен оларға арнайы қосымша жүктемей, арнайы әрекеттер жасамай кез-келген стендттің жанына келіп, өзі керегінше ақпарат алып, туристік бағыттарын жоспарлай алады», - дейді Марат Айнабеков.
Терминалды жасау, орнату бойынша конкурс 16 ақпанда жарияланған. Жоба бойынша ондағы мәлімет 20 тілде болуы керек. Онда қаланың көрікті жерлері, тарихи нысандар, мәдени ошақтар мен қонақүйлер туралы ақпараттар болады. Бұған қоса полиция, құтқару және жедел жәрдем шақыру қызметі бар.
Қазіргі мәліметтер бойынша Алматыға былтыр 163 мың шетелдік келген. 2019 жылмен салыстырғанда туристердің келуі 72 пайызға аз. Ішкі туризм де 34 пайызға азайған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық