Алматы 2023-24 жылдар аралығында ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы болуы мүмкін
Сурет: kayak.co.uk
Үндістанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің туризм әкімшілігі басшыларының кездесуі өтті. Қазақстандық делегацияны ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев басқарды.
Шараға Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Пәкістан елдерінің өкілдері де қатысты. Тараптар туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және ШЫҰ елдерінде осы саланы бірлесіп дамытуға бағытталған бірнеше құжатқа қол қойды.
Вице-министр айтқан ұсыныстардың бірі ШЫҰ мемлекеттерінің туристік әлеуетін ірі халықаралық іс-шаралар өтетін жерлерде, оның ішінде ортақ стендтерде ілгерілету бойынша күш-жігер біріктіру болды.
Сондай-ақ Ержан Еркінбаев Алматыны 2023-2024 жылдарға арналған ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы деп жариялауды ұсынды.
— Бүгінгі таңда біз ШЫҰ елдерімен барлық салаларда ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуда оң үрдіс байқаймыз, туризм де бұдан тыс емес. Бүгінгі күні Қазақстанда визасыз режим 79 елдің (оның ішінде ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің) азаматтары үшін жарамды, бұл тізімді 100 елге дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде, 100-ден астам әуе бағыттарында 30 мемлекетпен тікелей рейстер бар, - деді Ержан Еркінбаев.
2023 жылдың шілдесі мен 2024 жылдың шілдесі аралығында Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық