«Аллаһтың күрескері» Теміртауда мектептер мен балабақшаларды жарамын деп қорқытты

cover

Теміртау қаласындағы  № 27 мектепке ғимараттың миналанғаны туралы электронды хат келіп түсті.

Шабуылшы өзін «православ қазақпын», «Алланың күрескерімін» деп таныстырып, бүгін Теміртаудағы «барлық мектептер мен балабақшаларға мылтық ұстаған шейіттер келеді» деп жазды.

Білім беру мекемелерінен жарылғыш зат табылмады, деп хабарлады полиция.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдікті тұлғаны анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде» деп хабарлады «Вечерняя Караганда» порталына облыстық полиция департаменті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар