Әлия Назарбаеваның компаниясы әлі күнге дейін Астанада қоқыс шығарады
Фото: Ашық дереккөзден
Әлия Назарбаевамен келісімшарт 6 жыл бұрын жасалды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Журналист Астана қаласының әкімі – Жеңіс Қасымбектен «Әлия Назарбаеваның компаниясы елордадан әлі де қоқыс шығарып жатыр ма?» деген сұрақ қойды.
«Биыл бұл компаниямен келісімшарт аяқталады. Ол бүгін күнде бүкіл қала бойынша жұмыс істейді. Онымен келісім 5-6 жыл бұрын жасалған шығар. Биылғы сәуір айының басында конкурс жариялауды жоспарлап отырмыз. Қаланы бес ауданға бөлеміз. Қала екі есе өсті, сәйкесінше тұрғындар саны да артты», – деді ол.
Әкім қазір қаланы тазалауға 150-160 машина қажет екенін тілге тиек етті. Оның сөзінше, Астанада қоқыс шығару бойынша 3-4 компания жұмыс істейтін болады.
Айта кетсек, Әлия Назарбаева ҚТЖ билеттерін сату және Астанада қоқыс шығару бойынша бизнестен кеткені хабарланған болатын.
Бұған дейін "SLEAN City NC" ЖШС құрылтайшысы Green Future Management LTD компаниясы екені мәлім болды. Оған Әлия Назарбаева иелік етеді. Сондай-ақ, Қазақстанның экс-президентінің кіші қызы 2014 жылдан бері онлайн-билет сатудан пайда тапқаны анықталды. Келісімшарт тоғыз жыл мерзімге – 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық