Әлия Назарбаева сотта жеңіліп қалды
Фото: exclusive.kz
Қазақстаннның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева қазақстандық кәсіпкерлер Нұрлан Бимурзин мен Медғат Қалиевке қарсы сотта жеңіліп қалды.
Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.
Нұрлан Бимурзиннің айтуынша, Назарбаева адвокаттары арқылы Бимурзин мен Қалиевтің үстінен жала жабу туралы шағым түсіріп, олардың жауапқа тартылуын талап етті. Алайда өткен аптада сот құқық бұзушылық белгілерінің болмауына байланысты істі тоқтатты.
Ақпан айында Медғат Қалиев пен Нұрлан Бимурзин Бас прокуратураға Әлия Назарбаеваны рейдерлік шабуыл жасады деп айыптап арыз жазған.
«Бізді қолдаған барлық жанашыр азаматтарға алғысымды білдіргім келеді. Заңды да әділ шешім шығарған сот жүйесіне ерекше алғыс білдіремін. Төрт ай бойы бір құзырлы органнан екінші органға жолданған арызымыз әділ нәтижеге жетпейді деп ойладық. Алайда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты заңды басшылыққа алатынын дәлелдеді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданған өтінішімізді қарайды деп үміттенеміз», – деді Бимурзин.
Еске салсақ, 28 ақпанда Бимурзин өзінің серіктесі Қалиевпен бірге Назарбаева мен Рогованың рейдерлік шабуылының құрбаны болғанын хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады