Әли Оқапов «Құрмет» орденін қайтарып беретінін мәлімдеді
Танымал әнші Әли Оқаповтың «Құрмет» орденін аламын деп басы дауға қалды. 25 қазанда ол «Құрмет» орденімен марапатталғаны туралы жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Алайда кейбір Қазнет қолданушылары оның марапатын оғ бағаламады, деп хабарлайды Orda.kz.
Республика күні қарсаңында Елбасының Жарлығымен Әли Оқапов мемлекеттік наградамен марапатталды. «Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында Орталық мемлекеттік кино, фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатының сарапшысы, «Республикалық қан орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, журналист, ұстаз, аудандық аурухананың бас дәрігері, «Алатау» театрының директоры, «Мирас» мәдени кәсіпорнының жетекшісі, Олимпиадалық резервті даярлау орталығының директоры, Ядролық физика институтының бас инженері және басқа да еңбек ардагерлері бар.
Кейбір Қазнет қолданушылары Оқаповтың бұл тізімге кездейсоқ ілініп, бұл атаққа лайық емес екенін жазды. Өнер иесін отбасылық байланысының арқасында марапаттады деп есептейтіндер де бар болып шықты. Оқаповтың елімізге танымал ҚазКСР халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы екені баршаға мәлім. Дегенмен, кейбіреулер мұның соншалық көпшілік талқысына түсетіндей әңгіме емес екенін жазды.
«Кей жерде мен Оқаповты аяймын. Негізі оның сұхбаттары мен БАҚ-тағы белсенділігіне қарағанда, ол жаман адам емес. Мен онымен араласқандардан ол туралы ешқашан жағымсыз ештеңе естіген емеспін. Әртіс ретінде де, кәдімгі адам ретінде де. Әрине данышпан емес шығар, бірақ эстрадада өз орны бар. Оны сүйкімсіз балаға айналдырған тек анасының даңқы, ата-аналық эгоизмі және біздің қазақы менталитеттің ерекшелігі. Дегенмен ол ересек адам, «лайық көрмесеңдер» деп марапатты алмай қойса да болады» деп жазады Facebook желісіндегі қолданушы.
Бірі мақтаса бірі даттап, бірі жақтаса бірі жамандап, кейбір Қазнет қолданушылары сала-құлаш жазба арнап, осы жағдайды ушықтырып жіберді.
«Қазір әу дегеннің бәрі әнші. Әли Оқапов күтпеген жерден Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанды. «Анасының баласы» деген ұғымның қандай болатынын енді білемін. Білмейтіндерге айтарым бұл - Роза Рымбаеваның сүйікті ұлы» деп жазды тағы бір қолданушы.
Әли Оқаповтың марапатталуы шығармашылық адамдар арасында да үлкен наразылық тудырды. Кейбіреулер Роза Рымбаеваның ұлы еңбекқор екенін мойындайтындарын жазды. Олар ол танымал хиттер жазып немесе шырқаған әні көкті жарып, көкіректі оятпаса да кәсіби қызметінің басқа қырлары бойынша марапатқа әдбен лайық екенін атап жатты.
Әли Оқаповтың «Құрмет» орденімен марапатталғаны күні кеше белгілі болды. Ол өзі салтанатты марапаттан кейін суреті мен видеоларын Instagram парақшасында жариялады.
«Бүгін «Құрмет» орденінің иегері атандым! Күтпеген жағдай болды шынымен. Әрине көп рахмет! Осы атаққа лайық еңбек етуге, атқарған сенімді ақтауға барымды саламын, құттықтауларыңызға рахмет! Басымды иемін!» деп жазды Әли Оқапов.
Сол ақ екен бұл оқиға сан құбылған әңгімеге айналды.
Жазбаның астында жазылушылары жағымсыз пікірлерді үйіп-төкті. Кейбіреулер оның бұл сыйлықты не үшін алғанына таңғалды. Кейбірі әкесі Әли Оқаповтың еңбегні баласы арқылы бағалап жатыр деп түсіндірді.
Дегенмен көп күттірмей Әли Оқапов марапатты қайтарып беретінін, бірақ заң жүзінде ондай нормаларды таппағанын, медальсыз да бақытты екенін, оның ең басты марапаты – жыл басында өмірге келген ұлы мен сүйікті отбасы екенін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық