Алғабастағы өрттің қалай басталғанын көршісі баяндап берді
Фото: бейнекадрдан үзінді
Алғабас ауылында бір отбасының 12 мүшесі қаза тапқан жантүршігерлік өрттің қалай тұтанғанын жақын маңдағы көршілерінің бірі баяндап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Марқұмдардың көршісі Ханымай Жүгінісованың айтуынша, отбасы мүшелері түтінге уланып қайтыс болған болуы мүмкін.
«Олар уланып өлуі әбден мүмкін, әйтпесе аман қалар еді. Егіздер өрттен қаза тапты. Өте жақсы адамдар болатын. Қолымнан келгенше көмектесуге тырыстым, көршілерді оятып, шақырдым. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келіп жетті, бірақ бәрі кеш болды. Әйелдің жан айқайы әлі құлағымнан кетпейді. Кеше ғана той жасады, ал бүгін олар бұл өмірде жоқ», – деді марқұм болған отбасының көршісі Ханымай Жүгінісова.
Көрші өрттің алғашқы сәттерін де сипаттап берді.
«Таңғы бесте үйден шыққанымда, сол үйдегі әйел терезеден көмек сұрап айғайлап жатты. Шамасы, сыртқа шыға алмаған. Сол кезде үй толықтай отқа оранған еді».
Бүгін билік өкілдері журналистердің алдына шыққанымен, өрттің нақты себебіне қатысты анық мәлімет бере алмады. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасов газ қазандығы жарылған деген болжамды жоққа шығарды.
Оның сөзінше, өрт газдың жарылуынан болған жоқ.
«Газ қазандығын қарап шықтық. Ол сыртта, өрттің себебі газдан болуы мүмкін емес. Мамандар себебін анықтап жатыр», – деп жауап берді Зулфухар Жолдасов.
Сондай-ақ өрттің хронологиясын айтып берді.
«Сигнал сағат 5:38-де түсті. Алты минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Үш адам құтқарылды, бірақ, өкінішке қарай, 12 адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір зардап шеккен үш адам ауруханада жатыр. Жерлеу рәсімі мен материалдық шығындарды өтеу бойынша көмек көрсетіледі».
Еске сала кетейік, Алғабас ауылындағы өрттен кейін ауыл тұрғындары екі отбасының жерлеу рәсімін өткізсе, әкімдік пен полиция қызметкерлері БАҚ өкілдерінің жұмысына кедергі келтіріп жатыр.
Жаңалықтар
- Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша сот үкімі шықты: Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді
- Телефоны мен Telegram-ды тексерген: Әнші Нұрбек Айқынбаев Алматы полицейлеріне шағымданды
- Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова туралы даулы пікір айтқан Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты
- ІІМ қазақстандықтардың жеке деректері сатылды деген ақпаратқа өз жауабын берді
- Қазақстан президенті АҚШ-та өтетін G20 саммитіне қатысады
- Бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашып күйдіріп, қашып кеткен адам ұсталды
- Қазақстанда Telegram неге істемей қалды? Цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» түсіндірді
- Күннің толық тұтылуы: Астрономиялық құбылысты бірнеше ел тамашалады
- Науқас отадан кейін ішінде қалған дәкемен екі ай қиналып жүрген
- Жалған қажылық ұйымдастырып, жұрттан 60 млн теңге жинап алғандар сотталды
- Қайсар Қамза ісінің жай-жапсары: ҚМА тағы төрт күдіктінің аты-жөнін атады
- Алматыда қойма өртеніп жатыр: Өртті сөндіруге 63 маман тартылды
- Ресейлік стример Fasoollka арандату сөздерін айтқаны үшін елден шығарылды
- Туған нәрестесін 800 мыңға саудалап, 100 мың теңгеге сатпақ болған әйел сотталды
- Балаларды зорламақшы болған АИТВ жұқтырған адам 20 жылға сотталды
- Су күніне екі сағат қана беріледі: Ақши тұрғындары 10 жылдан бері мәселенің шешілуін күтіп жүр
- Министрлік eGov бұзылып, 15 млн адамның дерегі тарап кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді
- Түркістан облысында тұрғын үйдегі шаруашылық құрылысы өртенді
- Өскелең ұрпаққа өнеге: Тоқаев бір топ қоғам қайраткеріне мемлекеттік награда тапсырды
- Елімізде өзге этнос өкілдері балаларын қазақ сыныптарына жиі бере бастады