Алғабастағы өрт: Қаза тапқан 12 адамның аты-жөндері жарияланды
Фото: әлеуметтік желіден
Түркістан облысының Алғабас ауылында 18 қарашада ірі өрт шықты. 360 шаршы метрлік жеке үйде болған апат салдарынан 12 адам қаза тауып, үш адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаза тапқандардың ішінде балалар да бар, олар бір отбасының ұл-қыздары. Қазіргі таңда үш науқастың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.
Оқиғаға дейін отбасы сүндет тойын атап өткен. Мереке алдымен мейрамханада өткен, кейін үйде жалғасқан. Полиция өрттің нақты себебін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Прокуратура бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігімен іс қозғады. Оқиға орнына Жетісай аудандық полиция және прокурорлық құрамдар шыққан, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Қаза тапқандардың аты-жөндері ресми түрде жарияланды:
Үйдің иесі – Шойбеков Дауренбек Талғатбекұлы, 15.10.1991 ж.т.
Жұбайы – Амантурдиева Динара Кадирбекқызы, 10.01.1994 ж.т.
Қызы – Талғатбек Дана Дауренбекқызы, 22.07.2017 ж.т.
Қызы – Талғатбек Алуа Дауренбекқызы, 18.03.2019 ж.т.
Ұлы – Талғатбек Алихан Дауренбекұлы, 19.02.2021 ж.т.
Ұлы – Талғатбек Амирхан Дауренбекұлы, 19.02.2021 ж.т.
Ұлы – Талғатбек Алишер Дауренбекұлы.
Дәуренбектің ағасы Олжасбектің жұбайы – Умирзахова Маржан Алдьяровна, 08.01.1990 ж.т.
Қызы – Талғатбек Жансая Олжасбекқызы, 16.01.2009 ж.т.
Ұлы – Талғатбек Ассабур Олжасбекұлы, 06.12.2010 ж.т.
Ұлы – Талғатбек Мұхит Олжасбекұлы, 05.09.2012 ж.т.
Қызы – Талғатбек Раяна Олжасбекқызы, 20.03.2024 ж.т.
Ауруханаға жеткізілгендер:
Дауренбектің анасы – Түргелдиев Гүлжамилә Сейдахановна 22.06.1964 ж.т.
Дауренбектің ағасы – Шойбеков Олжасбек Талғатбекұлы.
Олжасбектің қызы – Талғатбек Жасмин Олжасбекқызы, 16.01.2009 ж.т.
Оқиға бойынша тергеу жалғасуда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық