Алғабаста өрттен қайтыс болған отбасы жайлы не белгілі?
Коллаж: Orda.kz
Алғабаста 17 қарашадан 18-не қараған түні жаға ұстатарлық жағдай болды. Екі бірдей отбасының 12 адамы түгел өрт салдарынан көз жұмды және оның 9-ы бала. Ал қалған 3 адам ауруханаға жеткізілгенімен, ауыл тұрғындарының сөзінше, олар да сол жақта көз жұмған. Бірақ жоғары жақта отырғандар олардың жағдайы ауыр болғанымен, әлі тірі деп үміттендірді. Өрттен қаза тапқан 2 отбасы жайлы ақпарат та көп емес.
Orda.kz олардың әлеуметтік желідегі парақшасынан алған және полиция берген деректерді назарларыңызға ұсынады.
17 қараша күні Шойбековтер отбасы Мақтаарал ауданы Атакент ауылындағы Дәулетбековтер әулетінің үш ағайындысының бірінің қуанышын тойлауға барған. Нақтырақ айтқанда, олар туыстарының сүндет тойына қатысқан. Оны Дәулетбектің жары Мөлдір Ибраим жариялаған бейнематериалдан көруге болады. Сол бейнероликті өрттен қаза тапқан Динара Амантұрдиева (Дәурен Шойбековтың жұбайы) да өз парақшасына жүктеген. Бейнематериалдағы кадрларға қарағанда, отбасы мүшелері қатты қуанып, шаттанып жүрген. Тойдың басты қонақтарының бірі әжей Гүлжәмила Төрегелдиева болған.

Тойдан кейін ағайынды Дәулетбековтердің екеуі өз отбасыларымен Алғабасқа барған. Кенжесі Дәурен Шойбеков жұбайымен және бес баласымен бірге кейін өртеніп кеткен сол үйде тұрған. Ал ағасы Олжасбек Шойбеков, әйелі Маржан Өмірзақова және төрт баласы полиция департаментінің мәліметінше, көрші Ынталы ауылында тұрған. Ағайындылардың аналары Гүлжәмила Төрегелдиева Дәуреннің үйінде бірге тұрып келген.
Өрттің неден тұтанғаны әзірге нақты белгісіз. Алайда оқиғаның қалай өрбігенін қазір бүкіл Қазақстан біледі.
Қазіргі белгілі мәлімет бойынша, өрттен Олжас Шойбеков тірі қалған. Сондай-ақ, оның қызы Жасмин де аман қалғандардың қатарында. Үшінші адамның кім екені туралы мәлімет әртүрлі. Редакциямыздағы Түркістан облыстық ПД анықтамасына сәйкес жансақтау бөлімінде ағайындылардың анасы — Гүлжәмила Төрегелдиева жатқан. Ал Үкімет таратқан ақпаратта құтқарылғандардың бірі 1991 жылы туған адам екені айтылған. Бұл дерек үй иесі — Дәурен Шойбеков туралы болуы бек мүмкін.

Шойбековтердің отбасы жайлы ашық ақпарат аз. Әлеуметтік желіні белсенді жүргізіп келген — Динара Амантұрдиева. Оның парақшасынан үй шаруасымен айналысатын, бірақ Астана мен Алматыға балаларымен жиі барып тұратын жан екенін көруге болады. Марқұмның стористерінің басым бөлігі балаларға, әсіресе үлкен қыздарына арналған. Кейбір бейнежазбаларда екі қабатты үйдің ішкі көрінісі байқалады. Бұл кадрлар өртенген сол үйге тиесілі болуы мүмкін.

Дәурен Шойбековтің парақшасында оның жүк көлігін айдайтыны көрінеді. Ол тек Қазақстанда емес, Ресейге де жиі жүк тасымалдап отырған. Стористерінде Рудный, Санкт-Петербург, Уфа қалалары белгіленген.
Постарының арасында ауыр жүк көліктерінен бөлек балаларымен түскен суреттері де жиі кездеседі. Соның ішінде ақпан айында төрт жасқа толатын егіз ұлдары Әлихан мен Әмірханның тұсаукесер рәсімінен фотолар бар.

Дәурен Шойбековтің ең соңғы жазбасы 2025 жылдың 9 мамырында шыққан. Онда отбасымен табиғатқа шыққан сәттерін жариялаған. Бір суретінде бауырларымен және анасымен, екіншісінде әжесі немерелерімен, тағы бірінде — жұбайы үлкен қыздарымен бірге түскен.

Динара Амантұрдиеваның соңғы жазбасы шілде айында шыққан. Онда ол жары Дәуренмен бірге түскен суреттерден құралған қысқа бейнеролик жүктеген.
Автор: Игорь Улитин
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық