Әлемге танымал эколог Олжас Дүйсен қамауға алынды
Фото: Instagram / Oлжас Дүйсен
Алматыда кәсіпкер, эколог, инновациялық патенттердің авторы Олжас Дүйсен қамауға алынды. Бұған дейін ол әлеуметтік желіде өзіне заңсыз қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол өзінің әлеуметтік желісінде тергеу изоляторына алып бара жатқандарын айтты.
«Тағылып отырған негізсіз айыптауларға қатысты кінәсіз екенімізді толық дәлелдейтін айғақтарды ұсындық. Алайда прокуратура органдары бұл дәлелдерді қабылдаудан бас тартып отыр. Бұл – заңсыздық, бұл – бассыздық, ол мемлекеттің тұрақтылығына нұқсан келтіреді. (…) Егер бұл жағдай жалғаса берсе, ертең кез келгеніміз осындай жағдайға тап болуымыз мүмкін. Қазір мені алып кетуге келді, сыртта жедел қызметкерлер тұр, қазір мені тергеу изоляторына алып кетеді», — деді Олжас Дүйсен.
Оның айтуынша, ол KazEcoSolutions серіктестігінің бұрынғы серіктесінің арызы негізінде қылмыстық іске тартылғалы отыр. Оның әлеуметтік желідегі жариялаған сөздеріне қарасақ, алғашында оған өз компаниясынан қаржы жымқырды деген айып тағылса, кейін бұл айыптауларды жоққа шығаратын құжаттар ұсынылған соң, прокуратура оған рейдерлік жасады деген жаңа іс қозғаған.
Олжас Дүйсен құқық қорғау органдары белгілі бір тұлғалардың тапсырысын орындап отырғанын айтады. Сондай-ақ, бұл алғашқы қысым емес екенін атап өтті. 2024 жылдың қарашасында Бакудегі климаттық митингке қатысып жүрген кезінде-ақ өзіне қарсы репрессия жасалуы мүмкін деп қауіптенген.
Кәсіпкердің айтуынша, бұл жағдай 2008 жылы басталған. Сол жылы ол серіктестерімен бірге KazEcoSolutions компаниясын құрып, топырақты тазарту мен қалдықтарды өңдеумен айналыса бастаған. Кейін бірнеше мәміле нәтижесінде ол компанияның жалғыз иесі атанған. Алайда оның бұрынғы серіктесі Ержанов бұл келісімдерді заңсыз деп танымақ болған. Олжас Дүйсеннің айтуынша, тәуелсіз аудит кезінде Ержановтың өзі 23 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырғаны анықталған.
Дүйсен өзіне тағылған айыптарды ойдан құрастырылған деп есептейді және бұл істің әділ қаралуын талап етеді. Ол жұртшылықтан бұл жағдайға назар аударуды сұрап, Қазақстан Президентінен заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етуді өтінген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық