Әлемге әйгілі модельер Джорджо Армани өмірден өтті
Фото: Wikimedia Commons.
Итальяның модельері Джорджо Армани өз үйінде дүниеден озды. Оның жасы 91-де еді. Ол 28 қыркүйекке жоспарланған сән көрсетіліміне дайындықпен айналысып жүрген болатын, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы 4 қыркүйекте италиялық La Repubblica газеті мен компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Джорджо Армани әрқашан ойындағасын ашық айтатын. Ол үшін ең бастысы – киімін киген адамдар еді. Содан кейін ғана сән, трендтер мен уақытша ағымдарды бағалайтын» деп жазды басылым.
Компания өкілдері дизайнердің соңғы күндеріне дейін жұмыс істеп, коллекциялар жасаумен және брендті дамыту ісіне белсене араласқанын атап өтті. Арманимен қоштасу рәсімі 6 және 7 қыркүйекте Миландағы Teatro Armani-де өтеді.
Армани 1934 жылы Италияның солтүстігіндегі Пьяченца қаласында дүниеге келген. Ол 1975 жылы сәулетші Серджо Галлеоттимен бірге өзінің сән үйін ашты. Armani бренді италиялық әсемдіктің символына айналып, әлемдегі ең табысты брендтердің бірі болды. Компанияның жылдық табысы 2,3 миллиард еуроға бағаланады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық