Алексей Цой: медициналық-санитарлық көмек ұйымдары ғимараттарының 55 пайызы тозған
Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Республикадағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары ғимараттарының 55 пайызды тозғандығын айтты, деп хабарлайды ORDA тілшісі.
— Толықтай алғанда, республикадағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары ғимараттарының тозуы 55 пайызды құрайды. Бұл ретте ғимараттардың ең жоғары тозуы Ақмола облысында – 79, Солтүстік Қазақстан облысында – 75, Шығыс Қазақстан облысында – 71, Батыс Қазақстан облысында – 69, Атырау облысында – 65 және Қызылорда облысында 59 пайыз, деді министр.
Министрдің айтуынша, 2020 жылы 197 амбулаторлық-емханалық ұйым нысанын салу жоспарланған. Оның 63-і ғана салынды, 134-і салынған жоқ. Оның ішінде Алматы облысында - 75, Түркістан облысында – 15, Қарағанды облысында - 10, Ақтөбе облысында – 8, Қызылорда облысында 9 нысан салынбады.
— Алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандары 1,5 млн-нан астам бірлік медициналық техникамен қамтамасыз етілген. Бұл ретте жабдықталу 76,6, ал тозу 49 пайызды құрайды. Медициналық техникамен төмен жабдықталу Солтүстік Қазақстан облысында – 55, Қостанай облысында - 57, Шымкент қаласында – 72, Ақмола облысында – 74 және Ақтөбе облысында 73 пайызды болып отыр, деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық