Алексей Цой медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Министр медицина мамандары еліміздің стратегиялық ресурсы екенін айтты.
Бұл туралы Orda.kz сайты хабарлайды.
— Қымбатты әріптестер! Әрқайсыңыз жүрегіңіздің шақыруы бойынша өз тағдырыңызды терең білімді, ерекше еңбекқорлықты, ең бастысы сезімталдықты, жауапкершілікті және гуманизмді қажет ететін осы асыл кәсіппен байланыстырдыңыз. Қазақстанда денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келеді – жоғары технологиялық көмек көрсету көлемі ұлғайды, жаңа перинаталдық орталықтар салынуда, инновациялық әзірлемелер енгізілуде. Осының арқасында сирек кездесетін және күрделі аурулар бүгінде сәтті диагноз қойылып, емделіп жатыр.
Медицина мамандары - бұл біздің еліміздің стратегиялық ресурсы. Бүгінгі күні Қазақстанда 260 мыңға жуық медицина мамандары жұмыс істейді, оның ішінде 75 мыңнан астам дәрігерлер мен 185 мың орта медициналық қызметкерлер, - деп жазды министр Facebook парақшасында.
Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.
— Барлық медицина қызметкеріне олардың қазақстандықтардың денсаулығын қорғауға қосқан баға жетпес үлесі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Біз мезгілсіз кеткен әріптестеріміздің қазасына қатты қайғырамыз. Әр адам – бұл елдің денсаулық сақтау жүйесі үшін орны толмас шығын. Қайтыс болған дәрігерлер туралы жарқын естелік мыңдаған пациенттің жүрегінде қалады.
Құрметті әріптестер, сіздер өз мамандықтарыңызға берілген адамдарсыздар, мен тағы да баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын және сіздерге және сіздің отбасыларыңызға бақыт, денсаулық, сәттілік тілеймін! - деді денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ, министр елімізде күн сайын 2 мыңнан астам операция жасалып, мыңнан астам адам босанатынын, емханаларда 420 мыңнан астам адамға және 18 мың жедел жәрдем шақыруларына қызмет көрсетілетінін атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық