Алексей Цой үкімет отырысында денсаулық сақтауға байланысты мәселерді көтерді
kzkazan.ru
Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пациенттерге қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді атап өтті.
— Қабылданып жатқан шараларға қарамастан шешуді талап ететін мәселелер бар. Пациенттер деңгейінде бұл көрсетілетін қызметтердің сапасы, коммуникацияның әлсіздігі, мамандарға кезек, медициналық қызметтер көлемінің жеткіліксіздігі, жоғары технологиялық және қымбат тұратын қызметтерге қолжетімділік, тар шеңберлі мамандардың тапшылығы, халық саны 300 адамнан аз ауылдарда медициналық ұйымдарды, дәріхана пункттерін дамыту қажеттілігі.
Министірдің айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласында да бірқатар мәселелер бар.
— Жан басына шаққандағы қаржыландыруды жетілдіру талап етіледі. Цифрландыру толық аяқталған жоқ, бүгінде медициналық ұйымдарды интернетпен қамтамасыз ету аудандық деңгейден 84,2% - ды құрайды. Сондай-ақ медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау қажет. Кадрлық әлеуеттің, әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіздігі және жалақының төмендігі орын алуда.
Министрдің айтуынша 211 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарлануда.
— 2021 жылы 211 нысан, оның ішінде 83 медициналық пункт, 70 фельдшерлік-акушерлік пункт, 57 дәрігерлік амбулатория және 1 емхана салу жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін 600-ден астам, оның ішінде ауылдардағы 584 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны күрделі жөндеуден өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық