Алдағы онжылдықта жаһандық әскери қақтығыс басталады – ОББ
Фото: www.rusdialog.ru
Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) ғаламшардағы климаттың өзгеруіне байланысты алдағы онжылдықта жаһандық әскери қақтығыстың басталатыны туралы баяндамасын жариялады.
Бұл туралы Orda.kz РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.
Баяндама авторларының айтуынша, 2040 жылдан кейін әлемде «климаттық қақтығыстар» басталады, көптеген елдер геоинженерлік технологияларды пайдаланып, құрғақшылық пен су тасқыны сияқты табиғи апаттарды күшейтеді.
– Климаттың өзгеруінің физикалық салдарының күшеюі трансшекаралық геосаяси нүктелерді ушықтыруы мүмкін, өйткені мемлекеттер өз мүдделерін қорғау үшін қадам жасайды, - делінген құжатта.
Дәл осы сипаттағы жаһандық өзгерісте Қытай мен Үндістан маңызды рөл атқаратыны айтылған.
– Көптеген елдер экономикалық таңдауларға тап болады және шығарындыларды тез арада азайту үшін технологиялық жетістіктерге сүйенуі мүмкін. Қытай мен Үндістан температураның көтерілу траекториясын анықтауда маңызды рөл атқарады, - делінген құжатта.
Сонымен қатар, баяндама авторлары климаттың өзгеруі әсерінен дамушы елдерде ішкі қақтығыстардың туындау қаупін айтты.
Климаттық соғыстың ықтимал нүктелеріне Конго, Инд, Меконг және Ніл өзендері сияқты аймақтар жатады. Ондағы қақтығыстар өзен арналарының өзгеруіне және су ағындарының қайта бағытталуына байланысты туындауы мүмкін.
Климаттың жаһандық өзгеруінің теріс әсерінен ең көп зардап шегетін 11 мемлекет көрсетілген. Сарапшылардың пікірінше, бұл мемлекеттерде өмір сүру қиындауы мүмкін. Атап айтқанда, ядролық қаруы бар Қытай, Үндістан мен Пәкістан, сондай-ақ Ауғанстан, Солтүстік Корея, Мьянма және Орталық және Оңтүстік Америкадағы бірқатар елдер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық