Альберт Линдердің ісі бойынша ішкі тергеу басталды
Қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты ауыр атлетика федерациясы пікір білдірді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Еске салсақ, 17 қыркүйек 25 жастағы спортшы өзіне қол жұмсаған. Полиция тергеу жұмыстарын бастады.
– Кеше кешке ауыр атлетикадан ҚР құрамасының бұрынғы мүшелері, оның ішінде көз жұмған Альберт Линдердің ағасы әлеуметтік желідегі парақшасында құрама команданың жаттықтырушыларына сын айтып, шағым түсірді. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауға алып, әр айыптау бойынша тексеріс жасауға ниетті. Жақын арада Федерация әрбір спортшымен байланысып, ішкі тергеу жүргізеді. Оның қорытындысы туралы қосымша ақпарат берілетін болады, - делінген ұйымның ресми хабарламасында.
Бұған дейін ауыр атлет Альберт Линдердің бауыры Семен Линдер медальдарын жерге көміп, оның өліміне кінәлілер туралы айтқан.
Альберт Линдер 1996 жылы 13 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниеге келген.
2017 жылы 24 жасында Ашхабад қаласында өткен Азия чемпионатында Альберт топ жарды. Тамыз айында Универсиадада 69 келі салмақ дәрежесінде қанжығасына алтын медальді еншілеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық