Альберт Линдердің бапкері өзіне тағылған айыптарға жауап берді
Жақында ғана өмірін суицидпен аяқтаған зілтемірші Альберт Линдердің және Қазақстан құрамасының бапкері өзіне тағылған айыптарға жауап берді.
Бұл туралы Orda.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бапкер спортшының ауыр атлетикада болашағы зор болғанын айтты, бірақ Линдер ұлттық құрамадан кету туралы шешімді өзі қабылдаған. Мұның бәрі Рио Олимпиадасының алдында допинг-тестен басталған.
– Допинг-бақылаушы келіп, нөмірлер мен парақ береді. Спортшыға барлық нөмірленген ыдыстар береді. Ол бес бақылау тапсырды. Оның төрт бақылауы таза болды. Бесінші бақылау таза емес болып шықты. Сол үшін ол Олимпиада ойындарына қатыспады,- дейді Сергей Седов.
Жаттықтырушының айтуынша, Қазақстан құрамасы күрделі кезеңді бастан өткерген. Бұл Альберттің мінез-құлқына да әсер еткен сыңайлы.
– Ол адам танымастай өзгерген. Мен оны сол кезде босаттым. Біз онымен көп әңгімелесетінбіз. Спорттан кетіп, жұмыс істегім келеді, Риодағы жолды қайталағым келмейді дейтін. Оның бала кезден тағдыры қиын болды. Туыстары мені кінәләді деп айыптамаймын. Олар қайғыдан қан жұтып отыр ғой, - деді бапкер.
Ауыр атлетика Федерациясы ішкі тергеу жүргізіп, әр ауыр атлетпен сөйлесуге уәде берді. Альберт Линдердің өліміне қатысты полиция «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық