«Қалаулым» қашан жабылады? – Аида Балаева жауап берді
Фото: Orda.kz
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева есеп беру кездесуінде жоғары рейтинг беріп отырған бағдарламалар жайлы айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Министрдің айтуынша, халық сұранысы бар кезде бағдарламалар жабылмайды.
– Бұл - жауыр болған мәселелердің бірі. Дегенмен біздің ақпарат министрлігінің кез келген бағдарламаны жауып тастауға құқығы жоқ. Арнайы заң бар. Бұл бағдарламалар жекеменшік БАҚ құралдарында таралып жатыр. Қоғам тарапынан наразылық болғаннан кейін, біз ол бағдарламаларды өндірушілерге өз ұсыныстарымызды айттық. Бірақ ол бағдарламалардың рейтингі жоғары. Қоғамның бір бөлігі наразылық білдірсе, екінші бөлігі өліп-тіріліп сол бағдарламаларды қарайды, - деді министр.
«Qos Like», «Қалаулым», «Астарлы ақиқат» сынды бағдарламаларды жабу үшін халықтың мәдениеті мен талғамын көтеру керек.
– «Астарлы ақиқат», «Қалаулым» бағдарламалары еліміздегі рейтингі жағынан ең жоғарғы бағдарламалар болып отыр. Бұл халықтың сұранысы жоғары екенін байқатады. Халық көріп отырғаннан кейін БАҚ иесі бағдарламаны жаппайды. Сондықтан министрлік пен БАҚ халықтың мәдениеті мен талғамын көтеру мәселесін дұрыс жолға бағыттауы керек. Сонда ғана мұндай бағдарламаларды жабуға мүмкіндік аламыз, - деді Аида Балаева.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық