Ғаламшардың ересек тұрғындарын вакциналау құны қандай?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ( бұдан әрі ДДҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебресиес планетаның ересек тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакциналау құнын сараптады.
Бұл туралы Orda.kz DW-ге сілтеме жасап хабарлады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022 жылы әлемдегі ересек тұрғындардың көпшілігін коронавирусқа қарсы вакциналау үшін 35-45 млрд доллар қажет деп есептейді.
ДДҰ басшысы Тедрос Гебресиес бұл сома ұйымға пандемиямен күресу үшін бастаған халықаралық ACT Accelerator бағдарламасын қаржыландыру үшін биыл қажет болған 19 млрд-қа қосымша қажет болатынын айтты.
Гебрейесустың айтуынша, вакциналаудың ғаламдық бағдарламаларын қаржыландыру және COVID-19 пандемиясына қарсы күрес мәселелерін G7 елдерінің көшбасшылары ғана шеше алады. Олар әлемде вакциналау науқанын жеделдету үшін қажетті көлемнің едәуір бөлігін бөлуге қабілетті.
Worldometer веб-сайтының хабарлауынша, бір жыл ішінде инфекция ғаламшардың 154 млн-нан астам тұрғынында анықталған. 3,2 млн-нан астам адам COVID-19 диагнозынан мерт болған. 131 млн-нан астам науқас сауыққан.
Жаңалықтар
- Данай Шайықов әлемдегі ең мықты кәсіби хоккей лигасының мүшесі болды
- Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
- «16 жасында елді дүр сілкіндірген ақын»: Мұхтар Шахановтың өмірі мен ұстанымы
- Құрылтай — жаңа формат: Президент Құрылтай сайлауы мен оның маңызына тоқталды
- Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы алғашқы жұп белгілі болды
- Тарихи өзгеріс: Қос палатаның соңғы отырысы
- Талғарда сегіз үйді өрт жалмап кетті
- 2026 жылғы 1 шілдеде бірден алты лауазымды тұлға тағайындалады
- «75 ісі»: Қамшыбек Тәшиевке тоғыз жыл түрме жазасы сұралды
- Мүфтият мәһрдің ең төменгі мөлшерін түсіндірді
- Елдегі жанармай талан-таражға түспейді: Ресеймен шекарада бақылау күшейтілді
- Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза болды
- ӘЧ-2026: Роналду, Месси және Мбаппе — Forbes тізіміндегі бестіктің табысы қанша?
- Астанада полиция туралы ролик түсіріп, жариялаған блогер жазаланды
- Әкімшілік амнистия: 300 миллион теңгеге жуық айыппұл кешіріледі
- АҚШ елшілігі: Сұхбат қазақ тілінде өтіп, 10 жылдық виза беріледі
- Паттайяда туристің шабаданынан 17 жастағы қыздың мәйіті табылды
- Алтын іздегендер жер қопаруды қояр емес – ҚМА ауқымды арнайы операцияны көрсетті
- Бюджет тапшылығы: Қазақстан халықаралық банктерден жарты триллион теңгеге жуық қарыз алады
- 30 жыл бойы заң қабылдаған Сенаттың соңғы отырысы өтті