Алакөл жағасынан күніне 10 тоннадан астам қоқыс шығарылады
Репортер
Абай облысының әкімдігі жергілікті туризм ерекшеліктеріне тоқталды.
Күн сайын Алакөл жағажайларынан 10 тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылады, деп жазады «Репортер». Облыстың коммуналдық қызмет мамандары жағалау сызығының төрт шақырымға жуық бөлігінде қызмет көрсетеді. 30 жұмысшы күніне үш рет айналып, демалыс аймағының Арбаттағы, жағалаудағы, жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиектеріндегі қоқыстарды шығарумен айналысады.
«Абай облысы жағындағы Алакөл жағасында күніне 15-20 мың адам демалады. Өткен жылы бүкіл туристік маусымда көлге 1 миллионнан астам адам келген. Ал биыл еліміздің демалушылары мен алыс-жақын шетелдерден келетін қонақтардың саны болжам бойынша былтырғы көрсеткіштен асып түседі» деп хабарлады әкімдік.
Биылғы маусымда 1,5 миллионнан астам турист болады деп күтілуде. Бұл өткен жазғы көрсеткіштен 50 пайызға артық. 300-ге жуық демалыс орны адамдарды қабылдайды. Шетелден келетін турист ағыны өте көп.
Бұл ретте демалушылар көбіне өңірдегі жолдардың сапасына шағымданады. Дегенмен, демалушылар үшін пойыз немесе ұшақ қатынастары да бар. Күн сайын Алакөлге тоғыз жолаушылар пойызы келеді, Алматы мен Астанадан да әуе рейстері үзіліссіз қатынайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық