Алакөлде туристер мен тұрғындар арасында төбелес болды
Алакөл көлінің жағасындағы Ақши ауылындағы дәмханалардың бірінде туристер мен жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес орын алды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Желідегі видеода жергілікті тұрғындар демалып жатқан туристермен сөзге келісіп қалғанын көруге болады.
– Біз Алакөлдегі Ақшиденбіз. Жергілікті жабайылар үнемі туристерге шабуыл жасайды. Ал билік үндемейді. Олар таныстары арқылы бәрін шешіп кетеді, - дейді видео авторы.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, Алакөл ауданы Ақши ауылында 15 тамыздан 16 тамызға қараған түні жастар арасында төбелес орын алған.
– Анықталған инцидент бойынша Алакөл АПБ оқиға орнына барлық мән-жайларды анықтау үшін учаскелік полиция инспекторымен жедел-тергеу тобы жіберілді. Тәртіп сақшылары келгеннен кейін кафе қызметкерлері өтініш жазды, осылайша фактіні растады. Қазіргі уақытта жанжалға қатысушылардың барлығын анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен іс қозғалды. Тергеу барысы туралы қосымша хабарланатын болады. Айта кетейік, топтық төбелес кезінде куәгерлер немесе зардап шеккендер полицияға жүгінбеген, - делінген полиция хабарламасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық