Алаяқтықтың шегі жоқ: Перизат Қайраттың тағы да бір алаяқтық схемасы анықталды
Фото: inst/01pk
Перизат Қайрат мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталыққа жиналған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Перизат Қайрат ісінде бара-бара көптеген алаяқтық пен тың мәліметтер ашылуда. Осыған дейін қайырымдылыққа деп халықтан жинаған ақшасына брендтерге белшесінен батқанынша дүние алғанын жазған болатынбыз. Енді тағы да бір алаяқтық схемасын қаржылық агенттігі тергеуде. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын салуға қаражат жинау кезінде алаяқтық жасады деп күдіктенуде.
Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, 2021 жылдың қараша айында күдікті мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарын тарта отырып, қайырымдылық аукционын ұйымдастырған. Ол Ақмола облысындағы «Батыр» қоғамдық бірлестігі үшін оңалту орталығын салуға қаражат жинайтынын жариялаған. Перизат Қайрат, аукцион жасап, 48 млн теңге жиналғанын және бірлестікке 100 млн теңге тұратын ғимарат сыйға берілгенін айтқан. Алайда тергеу нәтижесінде анықталғандай, тек 22 млн теңге жиналғаны, ал бұл қаражаттың өзге мақсатта жұмсалғаны анықталды.
«Оған қоса, ол бірлестік қажеттілігі үшін 30 млн теңгеге жер телімі сатып алынғанын айтқан. Алайда шын мәнінде бұл жер телімін бірлестік 2019 жылы сатып алғаны белгілі болды. Оңалту орталығының құрылысы басталмаған, ал орталыққа деп сыйға берілді деген ғимарат мүлде жоқ», деп мәлімдеді деведомство.
Сонымен қатар Перизат Қайраттың әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса қаржылық мониторинг агенттігі хабарласуды сұрайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық