Алаяқтар Ербаян Мұхтардың еміне қаражат жинап жүр
Фото: instagram/ inga_imanbay
Тараз қаласында алаяқтар әскерден сал болып келген Ербаян Мұхтардың еміне қаражат жинап жүргені анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы құқық қорғаушы Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, Ербаян үшін қаражатты тек анасы ғана жинап жатыр екен.
«Кеше біздің мұқият жазылушымыз Раушан Тараз қаласында Ербаянның еміне ақша жинау туралы хабарландыруды байқады. Көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, сөйлескен кезде, арғы жақтағы адам бұл қаражат Ербаян үшін жиналып жатқанын растаған. Алайда бұл – жалған ақпарат» деп жазды ол.
Инга Иманбай Тараз қаласының құқық қорғау органдарынан бұл жағдайды шешуді сұрады.
Еске салайық, Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүріп, 2023 жылдың желтоқсанында ауыр ми жарақатын алды. Салдарынан сарбаз комаға түсті. Әскери бөлім басшылығы сарбаздың туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. Ішкі істер министрлігі тергеу барысын өз бақылауына алды. Қазақстандықтар Ербаянның емі үшін 230 млн теңге жинап берді. Қыркүйектің соңында сарбаз Түркияға ем алуға кеткен болатын. Ол Түркияда емделудің бірінші кезеңін аяқтап, Астанаға келді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық