Алаяқтықпен айналысатын сайт Ashyq қосымшасын пайдалануда
Алаяқтар жалған Ashyq қосымшасын көшіріп, қолданушылардың банктік шоттарын иемденуде, деп хабарлайды Orda.kz.
Ashyq жобасын жасап шығарған компания ashyq.info деп аталатын жалған сайтты анықтады. Ол Aitu-дағы нақты Ashyq қосымшасының интерфейсін көшіріп, пайдаланушылардың банктік шоттарының аты мен құпия сөздерін алдау жолымен жинап алады.
— Қолданушы бұл сайтқа кіргенде одан ЖСН мен телефон нөмірін енгізуді сұрайды. Бұдан кейін оған айыппұл салынғаны туралы хабарланады. Айыппұлды Kaspi немесе HomeBank арқылы төлеу ұсынылады. Содан кейін, киберқылмыскерлер банктердің ресми сайттарының орнына қолданушыларды фишингтік ресурстарға өткізеді. Егер пайдаланушы Kaspi арқылы төлеуді шешсе, онда одан Kaspi.kz шотынан телефон нөмірі мен парольді толтыру сұралады. Ал егер пайдаланушы HomeBank арқылы төлеуді шешсе, онда олар HomeBank -тағы банктік шоттың идентификаторын немесе myHalyk шотынан логин жазуды немесе сенімді телефон нөмірін енгізуді сұрайды. Келесі қадамда алаяқтар пайдаланушының банктік шотына кіру үшін құпия сөзін сұрайды. Бұл схеманың көмегімен алаяқтар банктік шоттардың және азаматтардың аккаунттары арқылы авторизациялау деректерін ала алады және олардың қаржылық ресурстарын заңсыз иелене алады, – деп хабарлады BTS Digital.
Назар аударарлығы сайтта нақты Ashyq қосымшасының қазіргі логотипі мен Kaspi мен Homebank-тың бұрынғы логотиптері пайдаланылады. Сондықтан аталған сайттың жалған екенін бірден аңғару қиын.
— Сайт Ashуq қосымшасының қолданушы келісімін Aitu-ға бекітеді, алайда мұндай алаяқтық жағдайға ресми қызметтер мен банк өкілдері келтірілген зиян үшін жауап бермейді, – деп атап өтті компания.
Осындай алаяқтықпен айналысатын компаниялардың қармағына ілінбеу үшін жеке деректеріңізді енгізуді сұрайтын сайттарға ерекше назар аудару қажет. Ең бастысы қауіпсіздігі тексерілмеген сілтемелерге өтпеген дұрыс.
Егер пайдаланушы банк шотының логині мен паролін енгізген болса, онда картаны немесе шотты уақытша бұғаттап, бұрын енгізілген деректерді өзгертіп, банктің немесе төлем ұйымының қауіпсіздік қызметіне хабарлаған дұрыс.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық