Дамыған елдерде жоқ вакцина Қазақстанда бар
Ошақбаевтың LIVE бағдарламасында Денсаулық сақтау министрлігі басшысы Алексей Цойдан неге Францияда коронавирусқа қарсы өз вакцинасы жоқ, ал Қазақстан бірден екеуін шығаруға мүмкіндік алды деп сұралды.
«Қазақстанда вакцина жасалып жатыр. Тіпті екі вакцина жасауға да мүмкіндік болды. ЭЫДҰ дамыған елдерінде, мысалы Францияда вакцина жоқ. Мұны қалай түсіндіруге болады?», - деп сұрады бағдарлама жүргізушісі, әрі экономист Рақым Ошақбаев.
Цойдың айтуынша, бәрі қарапайым. Қазақстан клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінде вакциналары бар 12 елдің қатарына енді.
«Мұның қандай құпиясы бар, неге біздің қолымыздан келген істі көршілеріміз жасай алмайды? Себебі, бізде Кеңес Одағынан қалған, 1950 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты бар, ол ерекше қауіпті патогендік штамдармен жұмыс істеді. Яғни, бұл сала бойынша бізде тәжірибе жеткілікті», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Оның айтуынша, мұндай зертханалар қауіпті вирусқа қарсы вакцинаның әзірлемелерін ұсынған елдерде ғана бар.
«Бұл құпия. Біздің ғылыми әлеуетіміз бар, зертхана жабдықталған, сондықтан біз вакцинаны жасай алдық», - деп жауап берді Цой.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық