Алғаш рет горилладан коронавирус табылды
Американың Сан-Диего қаласындағы хайуанаттар бағында горилланың коронавирус жұқтыруы туралы әлемдегі алғашқы жағдайы анықталды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
«Сан-Диегодағы Сафари паркіндегі горилла тобы мүшелерінде COVID-19 қоздырғышында SARS-CoV-2 вирусы анықталды. Сәрсенбі, 6 қаңтарда екі горилла жөтеле бастады. 11 қаңтарда, дүйсенбіде АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлттық ветеринарлық қызмет зертханалары сынақтың оң нәтижелерін растады», - делінген сафари паркінің сайтындағы хабарламада.
Болжам бойынша, жануарлар коронавирусты симптомсыз ауырған қызметкерден жұқтыруы мүмкін.
Бұрын бұл аурудың күзендер арасында кең тарағаны туралы хабарланған. Өткен жылы Барселонаның хайуанаттар бағында арыстандар коронавируспен ауырғаны белгілі болды, дәл солай АҚШ-та қар барысы да ауру жұқтырып үлгерген.
ДДҰ сарапшылары бұған дейін иттер мен мысықтардың коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін растаған, бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық