Ақтөбенің Атөткел жерінде балық қырылды
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Атөткел жерінде балық қырылды. Өңірде тасқыннан кейін сайға жиналған суларда балықтар бірінші рет қырылып жатқан жоқ, деп хабарлайды Orda.kz.
Атөткелдегі сайда балық өліп жатқаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындар көлдің бетіне қалқып шығып жатқан балықты көрсетті. Ырғыз ауданы әкімдігі ақпаратты растап, Нұра және Белшер ауылдары тұсындағы Атөткел жеріне инспекторларды жіберген. Алдағы күндері қырылу себебін анықтау және оларды жою жұмыстары жүргізіледі.
«Қазіргі уақытта «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары және «Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» инспекторымен бірге мән-жайды анықтау және оның салдарын жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Мәселе бойынша аралық ақпарат 04.04.2025 жылы мәлім болады», деп хабарлайды Ырғыз ауданының әкімдігі.
Әкімдіктің мәліметінше, балық қырылған су айдыны ресми түрде тіркелген көл емес. Айтуларынша, бұл көктемгі су тасқыны кезінде пайда болған көл.
Естеріңізге салсақ, ақпан айында Ырғыз ауданының Қойбағар көлінде де балық қырылу оқиғасы болды. Инспекторлар өзектен 70 келі өлі балықты шығарды. Жергілікті әкімдік бұл көлді де 2024 жылы болған тасқыннан кейін пайда болған су айдыны деп түсіндірген еді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық