Ақтөбелік шенеунік қабылдауына келген тұрғындардан петицияға қол қоймауды сұрады
Ақтөбеде электр тарифінің қымбаттауына наразы саяжай тұрғындары Amanat партиясына келді.
Жаңа тарифтің қалтаны қағатынын ескерткен олар бұл жағдай халықты митингке алып шығатынын айтты.
Бүгін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов Amanat партиясында қоғамдық қабылдау өткізді. Өңірдегі саяжай иелері шенеуніктен қала маңындағы трансформаторларды қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қарамағына өткізуді сұрап отыр.
«Тариф қымбаттап жатыр. Негізі бізді балансқа алса дейміз. Себебі жарық сөніп қалғанда электрик маман жалдауымыз керек. Сонымен бірге желі істен шықса, оны да бөлісіп төлеуіміз қажет. Біз екі жылдан бері осы мәселені көтеріп жүрміз. Әрқайсысымызға жеке шот берсе, ол да жарайды»,- деді саяжай тұрғыны Сайрамбек Аймағамбетов.
Қабылдауға келгендер қала маңындағы ондаған саяжай ұжымының балансқа әлі күнге алынбай отырғанын айтты. Нәтижесінде қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсіп тұр.
«Бізде маман жоқ, жөндей алмаймыз, тексере алмаймыз. Кейбір үйде Кеңес үкіметі кезінде қолданған есептеу құрылғысы тұр. Оны тоқтатуды кез келген адам біледі. Соңында ұрлық жасаған адамның шығынын бәріміз бөліп төлейміз. Адамдарды тексеріп, айыппұл салсын. Біз өзіміз тексере алмаймыз. Жазда мен бір адамның үйіне тартылған желіні үзіп тастадым. Тура айтпасам да оның амалын таптым. Далаға есептеу құралын қоя алмаймыз»,- деді саяжай ұйымының төрағасы Дәурен Сафаров.
Ал қабылдауға қатысқан жауапты мамандар тариф бағасының көтерілу себебін түсіндірді.
«Біздің «Энергосистема» ЖШС-нің балансында 15 мың шақырымға жуық желі, сонымен бірге 1700 шағын станса, трансформатор бар. Біздің тарифіміз соған сай есептелген. Жылына қосымша 247 млн кВт/сағ сатып аламыз. Бұл жоғалтқан электр тоғының орнын толтыруға жасалған амал. Адамдар «неге төлейміз» дейді. Себебі трансформатордың өзі де электр тогын қажет етеді. Соны да төлейді. Желідегі, трансформатордағы жоғалтуды саяжайда адамдардың өздері төлейді. Бұл желіні жөндеуге де бізде қаржы қарастырылмаған. Біздің өз шығынымыз өз жұмысымызға есептелген. Бау-бақша бізде балансқа алынбаған. Санаулысын ғана алдық. Иесіз деп танылып, ТҮКШ балансына алынғандар да бар. Онда да жоғары Вт алынған, төменгі жағы иесіз. Ондағы артық шығынды адамдар өздері төлейді»,- деді «Энергосистема» ЖШС атқарушы директоры Марат Аманғалиев.
Ал облыс әкімінің орынбасары тариф қымбаттаса митингке шығу туралы айтқан тұрғындарға қылмыстық жауапкершілік барын ескертті.
«Бір жерде трасформатор жұмыс істейді, бірінде істемейді. Бақылауда болуы керек мұның бәрі. Биыл ауа райының қолайсыздығынан қаншама қиындық болды. Шынын айтқанда, бәрі Кеңес Одағынан қалған. Тарифті көтеру керек. Тариф дұрыс болмаса, ешқандай инвестор келмейді. Өзіміз шешпесек, сырттан келіп ешкім шешіп бермейді. «Қандай тариф болса да бізге балансқа алу керек» деп отырсыз. Осыны шешу үшін жұмыс істейміз. Комиссия құрып, пікір айтып ақылдасып шешеміз. Жаңа айттыңыз, біреу ініміздің, баламыздың қолын жинап, петицияға жазып жатыр дедіңіздер. Ең басты айтайын дегенім, қол қоюшы болмаңыздар. Өздеріңіз білесіздер, оның артында тағы қылмыстық іс бар. Сондықтан осылай кездесіп тұрайық»,- деді облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық