Ақтөбеге президент келгенде жол белгілерін салған шенді 8 жылға абақтыға қамалуы мүмкін
Фото: Orda.kz/ Ардақ Ерубаева
Прокурор Ақтөбе қаласы әкімі Азамат Бекеттің қарамағындағы қызметкер Абзал Тілмағамбетовті 8 жылға абақтыға қамауды сұрады. Лауазымды қызметкер 272 млн жымқырды деп айыпталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе сотында жол белгілері үшін бюджеттен бөлінген 272 млн теңгені жымқырды деп айыпталған шендіге қатысты істің жарыссөзі өтті. «Ақтөбе қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Абзал Тілмағамбетов жол белгілерін салу бойынша орындалмаған істі қабылдағаны үшін айыпталады.
Тілмағамбетов басқарған орталық қаладағы ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бойынша жауапты. Қала көшелеріне жол белгілерін қою ол басқарған орталықтың міндеттерінің бірі. Сотта қала әкімі Азамат Бекеттің Ақтөбеге президент келер алдында жиналыс өткізгені айтылды. Жол белгілерін салу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу айтылған.
Іс сотқа ҚК-тің 189-бабы 4 бөлігі 2 тармағы бойынша түсті. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу бабымен айыпталушы қамауда отыр.
Істе екі күдікті бар. Екіншісі лауазымды қызметкердің көршісі, кәсіпкер. Ол үйқамақта.
Іс материалына сүйенсек, 2023 жылдың сәуір айында жол белгілерін салуға қатысты ашық конкурс қорытындысы шығады. Кейін сол кездегі қала әкімі Жөребеков Ақтөбе қалалық ТҮКШ бөліміне ҚР президенті жүретін жолға жол белгілерін салу жөнінде тапсырма береді. Өз кезегінде Абзал Тильмагамбетов алдын ала сөз байланып, 221 млн теңге болатын жұмысты атқарылды деп қол қояды. Екі келісімшартқа қол қояды. Қылмыстық істің айыптау актісі аудиторлардың қорытындысы негізінде жасалған.
«2023 жылдың сәуірі мен желтоқсан айы аралығында Абзал Тильмагамбетов жалпы сомасы 272 млн теңге шығын келтірді. Қылмыстық кодекстің "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша қылмыс жасады. Жауап беру кезінде Абзал Тильмагамбетов өз кінәсін мойындамады. Сотталушы 2021 мен 2022 жылдың желтоқсан айына дейін жеке кәсіпкерлік ашып, тауар жеткізумен айналысқанын айтты. 2023 жылдан бастап оны оны басқа адамға аударған. Аудитордың қорытындысы, атқарылған жұмыс жөніндегі акт тексерілді. Абзал Тильмагамбетовті айыпты деп танып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймыз. Аслан Кусумовты Қылмыстық кодекстің "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралады»,- деді прокурор.
Ал айыпталушы тарап тағылған айып негізсіз екенін жеткізіп, ақтауды сұрады. Шығынның дұрыс есептелмегенін, жол белгілері су болғанда, жолды тазартқанда кетіп қалатынын алға тартты.
Айыпталушылардың соңғы сөзі 4 сәуір күні тыңдалады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды