Ақтөбедегі Президент атындағы саябақты полиция күзетіп жүр
«Митинг болады» деп алдын-ала болжамды белгіленген Ақтөбедегі Президент атындағы саябақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Бүгін Ақтөбедегі жағдай тыныш. «Митинг болады» деп белгіленген Президент атындағы саябақты полиция күзетіп тұр. Олардың саны шамамен жиырмаға жуық. Формадағы қызметкерлерді саябақтың әр жерінде қос-қостан жүргенін көруге болады.

Сонымен бірге азаматтық киімде жүрген кейбір адамдар да күдік туғызды. Олар жылыну үшін саябақты сыпырып жүргендердің құралын сұрап, көмектескен болды.

Полиция күзеткен аумақта екі автобустың тұрғанын байқадық. Оның бірі саябақтың қарсы бетіндегі Нұр-Ғасыр мешітінің жанына қойылған. Екіншісі саябақ артында тұр. Болжамды аумақ та, облыс әкімдігінің алды да қоршалмаған.

Бір байқағанымыз, демалысқа қарамастан саябақ жанындағы ойын-сауық орталығында адам аз. Әдетте мереке күндері келушілері көп болатын орын бүгін тыныш.
Айта кетейік, бүгін таңертең сағат 10:00 шамасында Республика күніне орай Ақтөбедегі Президент атындағы саябақта Ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, құқыққорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Ақтөбе. Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық