Ақтөбедегі кәсіпорынға 2,9 млрд теңге айыппұл салынды
Фото: Envanto
Ақтөбедегі кәсіпорынға табиғатты ластағаны үшін 2,9 млрд теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Orda.kz бас прокуратураға сілтеме жасап.
Ақтөбенің Хромтау ауданында табиғат қорғау прокурорлары «Восход Хром» ЖШС-нің қызметінде хром кенін өңдеу кезінде жіберілген бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жылы міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген.
Атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың қалдықтары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде ірі кесек және байыту қалдықтары нормадан жоғары, яғни заңсыз деп танылды.
Кәсіпорынға қызметін экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін, 2,9 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. Серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды.
Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық