Ақтөбедегі қанды оқиға: Анасын 20 рет пышақтап, әкесін балталаған
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде адам өліміне әкеп соққан кепілге алу ісі бойынша сот отырысы басталды. Тергеу мәліметінше, 38 жастағы Сәрсенбек Басанов қызғаныштан ашуға беріліп, жәбірленушінің анасын 20 рет пышақтап, өгей әкесін балтамен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыс 2025 жылдың 13 қаңтарында Ақтөбедегі үйде болған. Сот материалдарына сәйкес, Басанов үйге алдын ала дайындалып келген, сөмкесіне пышақ, бұрағыш салып алған. Ол жазғы ас үйде жасырынып, жәбірленушінің 67 жастағы анасын қатыгездікпен өлтірген, кейін жәбірленушіні байлап, азаптаған. Оқиға куәгері болған өгей әкесін де балтамен ұрып өлтіріп, марқұмдардың денелерін жертөлеге жасырған. Сотта оқиғаның жантүршігерлік қырлары анықталды. Сотталушы жәбірленушінің шашынан тартып, еденге лақтырып, қол-аяғын байлап, аузын жауып тастаған. Кірпіктерін қолымен жұлып алған екен.
Сол кезде үйде болған кәмелеттік жасқа толмаған бала анасының байлаулы жатқанын көріп, қашып шығып, полиция шақырған. Арнайы операция барысында кепілдегі адамдар босатылғанымен, егде жастағы екі адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Келесі сот отырысы 9 маусымда жалғасады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық