Ақтөбеде журналисті Instagram желісіндегі жазбасы үшін сотқа шақырды
Ақтөбелік журналист Асқар Ақтілеуовті мектеп директоры сотқа берді.
Ырғыз ауданындағы гимназия басшысы Гүлжайнар Нұрманова журналисті өзіне жала жапты деп айыптады.
Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғам белсендісі әрі журналист Асқар Ақтілеуовке қатысты іс басталды. «Жала жабу» фактісі бойынша қозғалған іс ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы негізінде қозғалған.
Іске Асқар Ақтілеуовтың жеке Instagram парақшасында жарияланған 32 статус жазбасы тіркелген. Онда облыс әкімінің өңірге сапары кезінде журналистерге мектептегі әжетхана жағдайын көрсеткен кіші қызметкердің жұмыстан шығарылғаны, қысым көргені туралы жарияланымдары бар.
Арызданушы тарап білім саласы қызметкерінің ар-намысы мен іскерлік беделін төмендеткенін алға тартып, қоғам белсендісіне қатысты дереу шара қолдануды, қатаң жазалауды сұрады.
Сонымен қатар, жарияланымдарды теріске шығару туралы қосымша арыз түсіретінін айтты.
Ал журналист өзіне тағылған айыптың негізсіз екенін айтты.
«Мен Tilshinews.kz сайтының редакторы, журналист ретінде қыркүйек-қазан айлары аралығы облыс әкімі Асхат Шахаровпен 12 ауданды араладым. Ырғыз ауданына сапары барысында Ырғыз гимназиясының еден жуушысы Мөлдір Ғапиз оқу орнындағы мәселелерді көтерді. Бұл жөнінде журналистер, әрине, желілерде, ақпараттық сайттарда ақпарат тараттық. Инстаграмдағы парақшамда облыс басшысы алдында мәселе көтерген еден жуушының жұмыста ұзаққа бармайтынын ойлайтынымды, жұмысынан шығып қалуы мүмкін екенін де жаздым. Араға шамамен бір ай уақыт салып, кіші қызметкер Мөлдір Ғапиз жұмыстан шығып қалғанын айтып хабарласты. Көмек сұрады. Бұл жөнінде ақпарат құралдары да, пабликтер де хабар таратты. Кейін гимназия басшылығы оны қызметіне қайта алды. Дегенмен, Мөлдір Ғапиз қудалау жалғасып жатқанын айтып, күнделікті хабарласып отырды. Әр стористі жазғанда саналы түрде жария етемін. Деректерге, дәйектерге сүйенемін. Гүлжайнар Нұрманованың нақты қай сөзіммен келіспей отырғанын түсінбедім. Нақты қай сөйлем оның намысына тигенін біле алмадым. Сот істі қарарда нақты сөйлемдерге, нақты сөздерге қатысты зерделесе деген өтінішім бар»деді Ақтілеуов.
Айта кетейік, Ырғыз ауданында 2016 жылы басталған 300 орындық мектеп гимназиясының құрылысы әлі күнге дейін аяқталмай тұр. Құрылысқа бөлінген қаражаты талан-таражға түскен мектеп ғимараты жергілікті әкімдік шешімімен 2019 жылы пайдалануға берілді. Бірақ кемшіліктер әлі күнге дейін жойылған жоқ. Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезовтың айтуынша, қазіргі уақытта құрылысы проблемаға айналған мектепті балансқа алу сұрақтары шешіліп жатыр.
Жалпы сомасы 63 млн теңгенің заты жоқ. Мердігер сотталып кетті. Қазіргі уақытта білім басқармасы жасалмаған жұмысты қалпына келтіруге күш салынып жатқанын айтты. Ал мектеп басшысы кемшілікті көрсеткен кіші қызметкермен, журналистермен соттасып жатыр.
Соттың келесі отырысы дүйсенбі күнге қалдырылды. Журналистке қорғаушы табуына мүмкіндік берілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық