Ақтөбеде үкімді естіген сотталушылар төбелес шығарды
Ақтөбеде түнгі клубта екі адамды өлтіргендерге қатысты үкім шықты.
“Кісі өлімі” бабымен айыпталған екі сотталушы 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айрылды. Үкімге келіспегендер сот залының қоршауын тепкілеп, айқайға басты.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Миллиардер» түнгі клубында болған қылмыстық істің үкімі оқылды. Сот аса ауыр қылмысқа күдікті деп танылған 16 адамның 14-інің жазасын жеңілдетті.
Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру”, “Бұзақылық”, баптарымен кінәлі деп танылған 15 адам 17 жылдан 2 жыл 6 ай аралығында бас бостандығынан айрылды. Кәмелеттік жасқа толмаған тағы бір сотталушыға екі жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, сот залынан босап шықты. Судья сотталушылардың бәрінен “Адамды ұрлау” бабын алып тастады. Мемлекеттік айыпталушы сотталушыларға 23 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Сот үкімімен келіспегендердің айқайы мен туыстарының шуынан кейін сот залына арнайы жасақ кіргізілді.
“Екі адам болып өзіміз барып мойындадық. Хасенов екеуміз мойындадық. Адам өлтіру ойымыз болған жоқ. Мына жерде қатысы жоқ балалар сотталып кетіп жатыр. Мен ешқандай әділдік көріп тұрған жоқпын. 17 жыл деген масқара”,-деді сотталушы Түктібай.
Үкімнен кейін шу шығарғандарға арнайы жасақ кіргізіліп, сот ғимаратында күзет күшейтілді.
Сот материалдарына сүйенсек, сотталушылар Түктібай мен Хасенов пышақ пен таяқшаны қолданып, Кушкенбаев пен Төлеуовқа ауыр дене жарақатын салып, кейін Түктібай мен Үрстемов басқарған көліктерде жәбірленушілерді алып кетті. Зардап шеккендер ауыр дене жарақаттары салдарынан қайтыс болған. Қалған сотталушылар аса ауыр қылмыс туралы хабарламай, жасырып қалғаны үшін жауапқа тартылды.
Сот үкімімен С.А.Түктібай ҚК-нің 28-бабының 2-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 1,3,7,9-тармақтарында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ө.Хасенов ҚК-нің 28-бабының 2-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 1,3,7,9-тармақтарындакөрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Х.Б.Мұханбетшәріп, Т.Қ.Қосанов, Р.Ж.Исенгарин, А.С.Мырзабаев, Т.Т.Жиеналин, Қ.Қ.Жаңбырбаев ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Жасы кәмелетке толмаған А.О. Муканбетжанов ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Е.Серікұлы ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-бөлігімен жауапқа тартылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ж.М.Ищанов, Р.Ж.Тукенов, А.Н.Бақытов, А.А.Каратаев ҚК-нің 434-бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Т.М.Ерманов ҚК-нің 434-бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшінкінәлі деп танылды және оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Н.У.Урстемов ҚК-нің 432-бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшінкінәлі деп танылды және оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қылмыстық оқиға өткен жылдың қазан айында Ақтөбе қаласындағы “Миллиардер” түнгі клубында болды. Полицейлер Елек өзенінің жағасынан табылған екі адамның мәйітінен қинап өлтіру белгілері барын анықтады. Кейін қылмысқа күдікті ретінде түнгі клуб қызметкерлері ұсталды. Іс бойынша алты жәбірленуші бар. Іс 104 томдық. Облыс орталығында өткен армрестлингтен өтетін жарысқа келген Темір ауданының жігіттері түнгі клубқа барып, сол жердің күзетшілерімен сөзге келген. Келіспеушіліктің соңы төбелеске ұласып, екі жігіт қаза болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық