Ақтөбеде полиция ғимаратында есірткі сақтаған және сатқан полицей сотталды
Фото: gov.kz
Ақтөбеде полиция ғимаратында есірткі сақтағаны және қызмет орнының маңында сатқаны үшін полицей сотталды, деп хабарлайды Orda.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
«Жаңа жылға бірнеше күн қалғанда қазылар алқасы Заманбек Шәкібаевты мефедрон сақтау және сату бойынша кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сот үкімі бойынша ол полиция сержанты шенінен айырылады. Полицей 2022 жылдың мамырынан бері қамауда отыр. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ» деп жазылған хабарламада.
Айыптау қорытындысынан анықталғандай, айыпталушы мефедронды 11 пакетке салып, өз кабинетінде сақтаған. Мәліметтерге сәйкес, ол 2022 жылдың сәуір айында өзі жұмыс істейтін №2 полиция бөлімі ғимаратының алдында есірткіні 120 мың теңгеге сатқан.
Бұл іс сонау 2023 жылы Ақтөбедегі сотта қаралып, кейін полицей 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сотталғанның кінәсін мойындамағаны атап өтілді.
Мәліметтерге сәйкес, іс Жоғарғы сотқа жетіп, онда бірінші сатыдағы сот үкімі мен облыстық соттың сот алқасының қаулысы жойылып, іс жаңадан сот талқылауына жіберілді. Есірткі сатты деп айыпталған полиция қызметкерінің ісін алқабилер екінші рет қарағаны хабарланды.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт