Ақтөбеде полицей байқаусызда танысын атып жіберді

cover Фото: Depositphotos.com

Ақтөбеде кіші сержант қару пайдалану кезінде досын жарақаттады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Қылмыстық іс қозғалып, «салғырттық» бабы бойынша тергеу басталды. 

«Алдын ала ақпарат бойынша, полиция қызметкері қауіпсіздік шарасын сақтамай, байқаусызда оқ атылған. Нәтижесінде оның танысы жарақат алып, ауруханаға түсті», деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД. 

Полицей қызметінен шеттетілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар