Ақтөбеде пойыз бастығын пышақтап өлтірген ер адам 20 жылға сотталды
Теміржолшылардың кәсіби мерекесін таңға дейін атап өткен ақтөбелік пойыз бастығы пышақ жарақатынан мерт болды. Жүргіншіден темекі сұраудың соңы жанжалға ұласып, ол алты рет пышақталған. Қанды қылмысқа барған күдікті бұрын бірнеше рет сотталған.
Orda.kz тілшісі сотқа қатысып қайтты.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудараралық соты қайғылы іске үкім оқыды. Іс алқа билердің қатысуымен қаралды. Теміржолшыны өлтірді деп айыпталған К. Бауыржан Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.
«Түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұған дейін екі рет сотталған. Бұған дейін 3 жыл бас бостандығынан айырылған. Сот 2 жылын қосып, түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Жәбірленуші 25 млн теңге моральдық шығын сұрады. Сот моральдық шығын 10 млн теңге деп белгіленді. Сонымен бірге өкілдің шығыны 800 мың теңгені де өндіру қарастырылады», — деді судья Жәнібек Сейтжаппаров.

Жазаны өтеу орны — қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесі белгіленді. Сонымен қатар, судья құқық қорғау органдарына жеке қаулы шығарды.
Себебі 28 жастағы сотталушы 2019 жылы «Қарақшылық», кейін «Ұрлық» баптарымен сотталған. Ол пробация қызметінің бақылауында болған. Кейін сот оның жазасын бас бостандығынан айыруға өзгерткен. Белгілі болғандай сот шешімі уақытында орындалмаған.
Іс материалдарына сүйенсек, оқиға 6 тамыз күні сағат таңғы 04:00 шамасында болған. Марқұм Ерсұлтан Мұханбеталы өзінің әріптестерімен бірге кәсіби мерекесін атап өткен. Пойыз басшысын әріптестерінің көзінше пышақтап тастайды.
Айыптау актісінде жазылғандай, теміржолшылар өтіп бара жатқан бір жас жігітен темекі сұрайды. Агрессивті жауаптан соң арада кикілжің туған. Пойыз басшысы кеуде тұсынан 6 рет пышақ жарақатын алды.
«Мен мәйітханаға кірдім. Пышақ жарақатының бәрі көкірек тұсынан түскен. Темекі сұраған адамды өлтіре ма? Бұл бір рет пышақ салғанын мойындап тұр. Тергеуге көңіліміз толған жоқ. Іс сотқа дұрыс жеткізілмеді. Қылмысқа басқа адамдардың қатысы бар деп ойлаймыз. Қылмыстық оқиға қаланың қақ ортасында болды. Неге видеоға түспейді? Сотта ешқандай видео материал қаралмады», — деді жәбірленушінің апасы Алмагүл Мұханбеталина.
Екі тарап та сот үкіміне апеляциялық шағым түсіретінін айтты.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық