Ақтөбеде пара алған білім саласының төрт бірдей қызметкері айыппұлмен құтылды
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде білім саласының төрт қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Олар «пара алу», «пара беру» және «парақорлыққа делдал болу» баптары бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысына айыппұл салынды. Сонымен қатар, барлық айыпталушы өмір бойына мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Үкімді Ақтөбе қалалық сотында судья Тұрсынхан Салықов жарияланды.
Айыпталушылар — мектеп директорлары, аудандық білім бөлімінің қызметкері және облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы.
- Ақтөбе облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Асқар Кемешов Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағы («пара алу») бойынша кінәлі деп танылды. Ол тағылған айыпты мойындап, өкініш білдірген. Бұған дейін сотталмаған, үш баланың әкесі. Сот Кемешовке параның 60 еселенген мөлшері — 7 000 200 теңге көлемінде айыппұл салды және оны өмір бойына лауазымды қызмет атқару құқығынан айырды.
- Екінші айыпталушы — №74 мектептің директоры Гүлзат Бақтарғұлова. Ол ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі («пара беру») бойынша кінәлі деп танылып, параның 15 еселенген мөлшері — 1 050 000 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Сотта Бақтарғұлова Кемешов тарапынан психологиялық қысым болғанын, параны мәжбүрлі түрде бергенін айтты.
- Үшінші айыпталушы — Ырғыз ауданындағы Нарқызыл негізгі мектебінің директоры Алтынгүл Төлегенова. Ол да осы бап бойынша кінәлі деп танылып, 750 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
- Төртінші айыпталушы — Ырғыз аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Алмагүл Бекниязова.
Ол ҚК-нің 368-бабы 1-бөлігі («парақорлыққа делдал болу») бойынша кінәлі деп танылып, параның 10 еселенген мөлшері — 500 000 теңге айыппұл салынды.
Сот материалдарына сәйкес, Бекниязова мектептің аттестациядан сәтті өткені туралы хабарламаны директор Төлегеноваға «Құтты болсын, жуу керек» деп жазып жіберген. Кейін ол осы хабарламадан кейін пара беруге делдал болғаны үшін жауапқа тартылды.
Тергеп-тексеру барысында аттестациядан сәтті өткен мектеп басшыларына «қуанышқа орай ақша жинау» деген желеумен пара талап етілгені анықталды. Айыпталушылар WhatsApp арқылы хабарласып, қажетті қаражатты жеткізіп отырған.
Сот олардың әрекеттерін толық дәлелденген деп танып, үкім шығарды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық